KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемендік паралимпиадашы халықаралық турнирден жүлделі оралды

10.03.2023, 15:11 192 Ләззат Қанатқызы

Өскемендік паралимпиадашы Ардақ Нұрмағамбетов  Мысырдағы халықаралық турнирден қола медалімен оралды.

Спортшыны қала әкімі Жақсылық Омар құттықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Ардақ Нұрмағамбетов-шын мәнінде үлгі алуға лайық адам. Мүмкіндігі шектеулі болса да, ол көптеген адамдардың қолынан келмейтін биіктерге көтерілген. Ардақ спортты және Өскеменді жақсы көретін бірден бір тұлға. Ардаққа ұзақ өмір, амандық және жаңа белестерге жету жолында көптеген жеңістер тілеймін! – деді шаhар басшысы.

Ардақ Нұрмағамбетов - үстел теннисінен спорт шебері, ол екі рет Қазақстанның Паралимпиада ойындарының тұғырына көтеріліп, Республикалық деңгейдегі басқа да жүлделерді жеңіп алған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив