KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,9 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да үстел теннисі бойынша кәсіби клуб құрылды

18.03.2023, 15:24 215 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының тарихында алғаш рет үстел теннисі бойынша кәсіби клуб құрылды.

Бұл туралы облыстық үстел теннисі федерациясының президенті Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

Altay Professional Table Tennis Club құрылғанын қуанышпен хабарлап отырмын. Біздің аймақта бұл спорт түріне республикалық және әлемдік деңгейде қатысуға жеткілікті инфрақұрылым да, жаттықтырушылық әлеует те, спорттық дәстүр де бар, – деді Ж.Омар.  

Федерация президентінің айтуынша, кәсіби клуб құру – жаңа деңгейге шығудың алғашқы қадамы. Клуб мүшелеріне кеше салтанатты түрде команданың формасы табысталды.

– Алда әлі талай жұмыс күтіп тұр, көптеген жарыстар мен жеңістердің болатынына кәміл сенемін, – деді Ж.Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив