KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
449.3 489.69 4.89

Тәртіп сақшылары арасында волейболдан жарыс өтті - Өскемен

20.03.2023, 20:14 366 Ләззат Қанатқызы

Наурыз мейрамына орай Өскемен қалалық полиция бөлімшесі қызметкерлерінің арасында волейболдан жарыс өтті.

Спорттық шараға әр түрлі бөлімшелерден командалар қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара барысында Өскемен қалалық ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Марат Баяндинов полиция қызметкерлерін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, олардың басты тапсырмасы азаматтардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, ол тапсырманы орындау үшін тәртіп сақшыларының кәсіби түрде дене шынықтыру даярлықтары жақсы болу керектігін атап өтті. Салтанатты шараның соңында жарысты бастау үшін белгі берілді.

- Табанды жарыста Өскемен қалалық ПБ айдауыл қызметінің взвод командасы жеңіске жетті, екінші орынды Өскемен қ. ПБ басқарма қызметкерлері иеленсе, ал үшінші орынды Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальоны иеленді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жеңімпаздар мен жүлдеге ие болғандар мадақтама, кубок және медальдармен марапатталып, жақсы ойын көрсеткендер әр түрлі номинацияға ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив