KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Әлем чемпионаты: Бүгін 6 боксшымыз финал жолдамасын сарапқа салады

шартты сурет

23.03.2023, 15:13 218 Оразай Жеңісұлы

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді.

Қазақстандық алты боксшы Астана уақытымен сағат 18.30-да басталатын кешкі сессияда бақ сынайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қарсыластардың қай-қайсысы да осал емес. Бірінші болып рингке өткен жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шығады. Алуа жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы, үндістандық Ниту Гангаспен қолғап түйістіреді.

Карина Ибрагимова (57 кг) екі дүркін әлем чемпионы, тайбэйлік Линь Юйтиннен өтуге тырысып көреді.

Надежда Рябец (66 кг) 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қытайлық Ян Люмен жұдырықтасады.

Валентина Хальзова (75 кг) Достастық ойындарының екі мәрте жүлдегері, аустралиялық Кейтлин Паркермен шеберлік байқасады.

Қазақстанның тағы бір үміті Фариза Шолтайдың (81 кг) қарсыласы – 2018 жылғы әлем чемпионы, қытайлық Ван Лин.

Аса ауыр салмақта Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) Еуропаның екі дүркін жүлдегері, әзербайжандық Айнұр Рзаевамен сынға түседі.

Жекпе-жектердің бәрі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жартылай финалға шыққан боксшылар жөнінен Қытай көш бастап тұр. Қытайлық жеті спортшы жарысты жалғастырады. Қазақстан (6) екінші орында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив