Өскемен
+7°
небольшая облачность ветер 1,3 м/с, В
474.47 503.51 4.88

Күршімдік оқушылар Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

10.05.2023, 15:25 871 0 Ләззат Қанатқызы

№3 Күршім гимназиясының оқушылары Казбеков Төрежан мен Құмарғазы Алдияр Дубай қаласындағы Азия біріншілігінен жеңіспен оралды.

Аудан жұртшылығы жас чемпиондарды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ағымдағы жылдың наурыз айында жас спортшылар Шығыс Қазақстан облысының құрамасында өнер көрсетіп, армрестлингтен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары атанған болатын. Артынша ел намысын қорғау үшін Азия чемпионатына аттанған олар жанкүйерлерінің үкілеген үмітін ақтап қана қоймай, байрақты бәсекеде еліміздің атын шығарды. Жерлестері спортшыларды салтанатты түрде қарсы алып, жаттықтырушы Заңғар Ашмановқа алғыстарын білдірді.

 Жігіттер бұдан да үлкен жетістіктер мен жеңістерге жетеді. Олар алдағы уақытта әлемдік жарыстарда да жеңіс тұғырынан көрінетініне сеніміміз мол, дейді аудан тұрғындары.

Спортшылар да халықтың қолдауы оларды ынталандыратынын айтып, алда жаттығуларын күшейтуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

 

871
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив