Бердібек Сапарбаев атындағы шағын футбол турнирі аяқталды - Өскемен
Облыс орталығында Бердібек Сапарбаев атындағы шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті.
Әуесқой командалар арасында өткен шағын футболдан алғашқы ашық футбол турниріне республиканың түкпір-түкпірінен 16 команда келіп қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Атап айтқанда, Қызылорда, Павлодар, Талдықорған, Абай облыстары мен жергілікті командалар бақ сынаған.
- Үш күн қатарынан ұйымдастырылған турнин қорытындысы бойынша бас жүлдені Өскемендегі "Bars-Марқакөл" командасы иеленсе, екінші орынды Семей қаласынан "Жоламан" командасы, ал үшінші орынды шығысқазақстандық "Ақсуат" командасы иеленді, – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Сондай-ақ "Bars-Марқакөл" командасынан Дархан Юсупов “Үздік ойыншы” атанса, Сайн Қуаныш "Үздік қорғаушы", Фархат Айманов “Үздік бомбардир” және "Үздік қақпашы" Думан Дүйсенбеков деп танылды.
Жеңімпаз атанған командаға 1 миллион, екінші орынға - 600 мың теңге, үшінші орын – 400 мың теңге табысталды.
443
0
0
Сонымен қатар оқыңыз