ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-35°
туман ветер 1 м/с, С
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Шығысқазақстандық таэквондошылар тамаша өнер көрсетті

7.09.2022, 16:18 10 0 Мадина Амангелдіқызы
Осыдан бірер күн Вьетнамның Хошимин қаласында таэквондодан бірден екі ірі дода – кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттары мәресіне жеткен болатын. Сары құрлықтың кіл мықтысы қатысқан байрақты бәсекелерде шығысқазақстандық таэквондошылар тамаша өнер көрсете білді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мәселен, жасөспірімдер арасындағы доданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржыны жеті жүлдемен толықса, соның екеуін біздің жерлестер жеңіп алды.
Алдымен Батырхан Тілеуғалидің қанжығасы майланды. 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Батырхан түгелдей дерлік қарсыласын сенімді жеңіп, тек бір ғана жеке-жекте сүрінді. Дегенмен, осының өзі шығысқазақстандық таэквондошының үшінші орыннан көрінуіне, яғни Азия біріншілігінің қола жүлдегері атануына жеткілікті еді.
Ал жарыстың соңғы күні татамиге шыққан тағы бір спортшымыз күміс медаль иегері атанды. Бұл 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Бекарыс Бекенов болатын.
Жоғарыда айтқанымыздай, бұл күндері Хошимин қаласында тағы бір ірі халықаралық жарыс – кадеттер арасындағы Азия біріншілігі өткен болатын. Бұл бәсекеде ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Сұрановтың шәкірттері тіптен тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталмыш жарыста ел намысын 20 таэквондошымыз қорғаған екен. Соның дені жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Сенімді ақтағандардың арасында Медет Елемесов пен Дарын Зәйнеш те бар. Шығысқазақстандық қос спортшының екеуі де финалға іркілмей жетіп, чемпиондық атақ үшін таласты. Тек бір өзгешелігі, 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дарын Зәйнеш бұл жолы финалдағы қарсыласына жолы беріп, күміс жүлдені қанағат тұтса, салмағы 53 келіден аспайтын спортшылар сайысында мінсіз өнер көрсеткен Медет Елемесов алтыннан алқа тақты.
Жақында дүбірлі додалардан олжалы оралған таэквондошылар мен бапкер Қайдар Қабышевті Өскемен әуежайынан жанкүйерлері мен жақындары күтіп алып, оларға лайықты құрмет көрсетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды