Өскемен
-8°
небольшой снег Штиль
458.69 501.3 6.52

Өскемендік таеквондошылар Азия чемпионатында жүлдегер атанды

31.08.2022, 10:27 32 0 Оразай Жеңісұлы

Тамыз айының 22-27 аралығында Въетнам елінде өткен құрлықтық додаға Өскеменнен төрт спортшы барды.
ШҚО бойынша таеквондо (WT) федерациясының президенті Мерхат Болатхановтың сөзінше, спортшылар небір мықты қарсыластардың жолын бөгеп, жүлдеден басты үміттілердің кейбірін жолынан ығыстырған.

– Облыстың аға жаттықтырушысы Қайдар Қабышев бастап барған өрендеріміз екі жас ерекшелігі бойынша тұғыр биігіне көтерілді. Бұл жерде таеквондошылардың алғашқы бапкерлерінің еңбегін де айта кеткен орынды. Въетнамның Хошимин қаласына жол тартқан төрт спортшымыз да жүлде алды, – деді ол.

Сонымен, аталған бәсекеде кадеттер арасында Медет Елемесов (53 келіге дейін) алтын, Дарын Зайнеш (57 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Ал жасөспірімдер арасында Бекарыс Бекенов (+78 келі) күміс, Батырхан Төлеуғали (68 келіге дейін) қола жүлдені қанжығалады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив