Өскемен
-6°
пасмурно ветер 1 м/с, СЗ
459.06 503.77 5.16

Ольга Рыпакова Қазақстан Олимпиада құрамасының Туын ұстайды

3.07.2021, 11:10 181 0 Оразай Жеңісұлы

Шығысқазақстандық атақты спортшы, Лондон Олимпиадасының чемпионы, жазғы Олимпиаданың жүлдегері Ольга Рыпакова және бокстан ұлттық құраманың капитаны, әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы Қамшыбек Қоңқабаев Токиода Қазақстан Олимпиада құрамасының Туын ұстайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы бүгін Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

– Мен Ольга Рыпакованың Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан Туын алып шығатынына қуаныштымын. Себебі, Ольганың арқасында көк байрағымыз Олимпиада көгінде бір емес, бірнеше рет желбіреді. Қамшыбек Қоңқабаев – қазақстандық спорттың күші мен шеберлігінің үлгісі, Олимпиада шаршы алаңында зор жауапкершілікке ие болған бокс құрамасының капитаны. Екі спортшы да қатарластарының алды, құраманың көшбасшылары және жас буынға үлгі. Қос атлетке және барлық олимпиадалық құрамға сәттілік тілеймін, – деді Қазақстан ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова үшін Токиодағы Олимпиада оның спорт мансабындағы төртінші  Олимпиадасы болмақ. Ол үш қарғып секіру бойынша 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында күміс, 2012 жылы Лондонда алтын және 2016 жылы Риода қола медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек, Ольганың еншісінде Универсиадада алтыны және Азия ойындарының алты алтын медалі бар. Сондай-ақ, әлем чемпионы және 2010 жылғы құрлықтық кубогтің иегері.

181
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив