Өскемен
-14°
пасмурно ветер 1,9 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

ШҚО-да спорт күні аталып өтілді

19.08.2022, 14:23 34 0 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыс орталығында Спорт күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскемен қаласындағы үстел теннис орталығының алдында дзюдо, каратэ, еркін күрес, футбол, баскетбол және көркем гимнастика спорт түрлері бойынша көрсетілімдер өтті.

-        Салауатты өмір салты және дене шынықтыру мен спортты дамыту-маңызды міндеттердің бірі. Барлық спортшылар мен бүгінгі шараға қатысушыларды жеткен жетістіктерімен құттықтағым келеді. Алда сіздерді көптеген жеңісті күндер күтіп тұрғанына сенемін. Көк туымыз Олимпиадаларда қалықтай берсін, - деді ШҚО мәслихатының хатшысы Денис Рыпаков.

Көрсетілімнен кейін өңірдің үздік жаттықтырушылары мен спортшылары алғыс хаттармен марапатталды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив