KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

3.03.2021, 12:07 141

GGG келесі жекпе-жегін бірде-бір рет жеңілмеген мексикалық боксшы Джайме Мунгияға қарсы өткізеді. Аталған бокс кешінде Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды.

Жекпе-жек 7 мамырда Техас штатында (АҚШ) өтеді. Тараптар жекпе-жек туралы бірнеше апта бойы келіссөздер жүргізіп келеді.

Айта кетейік, Мунгия - бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы. Боксшы Головкин дивизионы аясында екі жекпе-жек өткізді: алдымен ирландиялық Гэри О'Салливанды, содан кейін Багам аралдарының намысын қорғайтын Туреано Джонсонды жеңді.

Тағы бір нұсқа - Головкин мен WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде арасындағы жекпе-жек әзірге болмайды. Себебі Андраде міндетті қарсыласы британдық Лиам Уильямспен жекпе-жек өткізеді.

Еске салайық, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсан айында АҚШ-та поляк Камил Шереметаға қарсы өткізді. GGG оны нокаутқа жіберіп, әлемдік титулын 21-рет қорғап, рекорд орнатты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив