KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемендік Малика көпті таңғалдырды

9.08.2022, 10:45 246

Өскемен қаласында әйелдер арасында теннистен халықаралық турнир өтіп жатыр

Өскеменде өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W25 турниріне ТМД, Азия және Европа спортшылары келген, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Ал бұл жарыстың бас демеушісі - теннис спортының дамуына ұзақ уақыт бойы қаржылай қолдау білдіріп келе жатқан "Казцинк" компаниясы.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың іріктеу сатысында өскемендік, 14 жастағы Мәлика Әмірғалиева тамаша өнер көрсетті. Мәлика WTA рейтингісінде жоқтығына қарамастан, іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 1990-ракеткасы, ресейлік 18 жастағы Николь Мишиеваны 6:1, 6:4 есебімен ұтып кетті.

Сөйтіп, негізгі турнирге жолдама алды. Осылайша, Kazzinc Open жарысында бес бірдей қазақстандық спортшы, атап айтқанда, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Мария Синицына (уайлд кард), Татьяна Николенко (уайлд кард) және Малика Әмірғалиева бақ сынайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив