Өскемен
-13°
пасмурно ветер 2 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

Шығыстың тумасы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

31.07.2022, 11:38 9 0 Оразай Жеңісұлы

Италияның Рим қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында еркін күрестен әлем чемпионаты өтті. Аталмыш додада ел намысын қорғаған шығысқазақстандық спортшы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

55 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Дарын Әскербек финалда америкалық Джексен Патрик Форресті тізе бүктірді. Бұған дейін ол Хусанбой Усмонов (Өзбекстан) мен Арена Серобянды (Армения) қарсылас көрмей, жартылай финалда неміс Яннис Ребгольцті жеңіп шықты.

Осы тұста айта кетейік, соңғы рет еркін күрестен ел қоржынына «алтын» жүлде 2013 жылы түскен еді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив