ШҚО-дағы қолайсыз метеожағдай әлі де жалғасуда

Қолайсыз метеожағдайлар ШҚО-ның 3 бірдей қаласында байқалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО Экология департаментінің мәліметі бойынша, екінші дәрежелі ҰМУ 10 ақпан күні де жалғасады.
- 10 ақпан сағат 21:00-ден 11 ақпан сағат 21:00 - ге дейін Өскемен, Семей, Риддер қалаларында күтіліп отырған қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ туралы ескерту сақталады, - деп хабарлады ведомстводан.
Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін қала халқының көпшілігі тамақ ауруы, күюі, жүрек айнуы сияқты белгілермен шағымданып жатқанын жазған болатынбыз.
Сонымен қатар оқыңыз