KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

11.11.2022, 17:01 466 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 12 қараша күні түстен кейін облыстың таулы аудандарында қалың қар, 13 қарашада жауын - шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар жауады деп күтіледі. 12-13 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында боран, көктайғақ. Оңтүстік-батыс жел, күндіз 12 қараша, тәулік 13 қараша облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында 15-20 м/с.

Халыққа мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартып, елді мекендерден шықпау ұсынылады. 

Егер шығу қажет болса, жолға дұрыстап дайындалыңыз. Өзіңізбен бірге кабель, күрек, шыны тазалағыш, жанармай қоры, шамдар, жылы заттар, телефон, зарядталған PowerBank, фонарь, азық-түлік қоры, ыстық шай термосы, жарқын мата алыңыз.

Барар алдында ауа – райы болжамын және жол жағдайын нақтылаңыз-мұны "Дармен" мобильді қосымшасын тегін жүктеу арқылы жасауға болады.

Сақтық шараларын сақтаңыз, әсіресе жолдарда. Жаяу жүргіншілер көшелер мен жолдарды кесіп өту кезінде өте мұқият болуы керек, ал көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтауы керек.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив