KZ
Өскемен
ясно жел 6 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

15.11.2022, 10:07 330 Ләззат Қанатқызы

Бүгін ШҚО-да қарлы боран, көктайғақ болуы мүмкін.

Синоптиктердің хабарлауынша, облыс орталығында 15 қараша оңтүстік-батыс жел, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

- Жел оңтүстік-батыс, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қарлы боран, көктайғақ болуы мүмкін. Тұрғындардан алыс жолға шығудан бас тарту керектігін, төтенше жағдайға тап болғанда бірден «112» арнасына хабарласу керектігін ескертеміз , - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив