KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да көшкін қаупі бар кезең басталды

22.11.2022, 18:21 264 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да көшкін қаупі бар кезең басталды. Жыл сайын ол қарашадан сәуір айына дейін жалғасады.

Облыс аумағында жалпы 497 қар көшкіні алаптары тіркелген. Оның ішінде 325 ошақ 71 объектіге қауіп төндіреді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ең қауіпті бағыттар қатарына Өскемен-Самар 95-102,132-137 шақырым, Өскемен - Таулы Үлбі 30-37 шақырым, Өскемен-Северное-Серебрянск 58-65 шақырымы жатады. Облыстың қызмет көрсетілетін аудандары бойынша 20 қар өлшегіш-көшкін маршруттары әзірленді, онда көшкін алаптарында «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының бақылаушылары қызмет көрсететін 160 қар өлшегіш рельстер орнатылды.

- 2022 жылдың жазғы кезеңінде Алтай ауданында және Катонқарағай ауданында 70 дана көлемінде қар ұстайтын қалқандар жөнделіп, қалпына келтірілді. 2022-2023 жылдарға арналған қар көшкіні қаупі бар кезеңге облыстың халық қауіпсіздігі мен инфрақұрылымын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда, оның ішінде көшкін қаупі бар 20 учаскілерінде «Абайлаңыз көшкін қаупі бар учаскесі» 40 дана көлемінде ақпараттық ескерту қалқандары орнатылды. Көшкін қаупі бар аудандардың әкімдіктерін, объектілері мен құрылыстары көшкін қаупі бар аймақтарда орналасқан ұйымдардың басшылары мен жеке үй иелерін хабардар ету тұрақты негізде жүргізіледі, - деп түсіндірді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі сақталады.ШҚО ТЖД баспасөз қызметі тауға демалысқа барар уақытта сақтық шараларын сақтау керектігін ескертеді.

- Тауға шығар алдында ауа райы болжамын байқау керек. Көшкін қаупі туралы ескерту бар-жоғын алдын ала тексеріңіз. Барлық қажет заттарды, құрылғыларды, жылы киімдер мен азық-түлік алуды ұмытпаңыздар. Төтенше жағдайға тап болсаңыз немесе куә болсаңыз бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп ескертеді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дина Бексұлтанова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив