Ертең боран болуы мүмкін – ШҚО

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 25 қараша күні түстен кейін облыстың басым бөлігінде қар, облыстың солтүстік-шығысында қалың қар күтіледі.
Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында боран болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыс жел екпіні 15-20, күндіз 25 м/с. Өскемен қаласында күндіз боран күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Халық қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек: елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тартыңыз. Егер елді мекендерден тыс жерлерге шығу қажет болса-мұндай жолға мұқият дайындалыңыз. Өзіңізбен бірге тросс, күрек, шыны тазалағыш, мол жанармай қоры, жылы заттар, телефон, зарядталған PowerBank, қолшам, азық-түлік қоры, ыстық шай құйылған термос, жарқын түсті мата алып жүріңіз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Жолға шығар алдында "Дармен" тегін мобильді қосымшасы арқылы жол жағдайын біліп алуыңызға болады. Ал республикалық маңызы бар жолдардың жай – күйі туралы 26-28-08, облыстық-57-42-52 телефондары арқылы нақтылап алыңыз.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.
Сонымен қатар оқыңыз