KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО: Ағымдағы жылы алғаш рет қар көшкіні түсірілді

3.12.2022, 09:31 442 Ләззат Қанатқызы

Өңірде бірнеше күн бойы тоқтамай жауған қар көшкін қаупін жоғарылатты.

Тау баурайларында 21- ден 60 см-ге дейін қар жиналған. "Өскемен-Алтай" "Таулы Үлбі – Северное" автожолдарының көшкін қаупі бар учаскелерінде профилактикалық қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Өңірде 325 учаске нысандар мен адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Өткен жылдың қысқы кезеңінде қар көшкіні алғаш 2021 жылдың 27 қарашасында түссе, ағымдағы жылы 1 желтоқсанда басталды. Көшкін қаупі бар кезең Шығыс Қазақстанда қарашадан сәуірге дейін (жылына 6 ай) созылады. Көбінесе көшкіндер наурыз айында өздігінен жүру қаупі бар. Өткен қыста қардың жалпы көлемі 12444 текше метр болатын. Көшкінінің түсуіне көбінесе қардың қарқынды жаууы, еруі, қатты жел мен қардың еруі, себеп болады, - деп түсіндірді"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Нәтижесінде, екі учаскеде 5 жарылыс болып, 4100 текше метр қар түсті.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-ның ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Ринат Кондыбаев халыққа тауға барудан бас тартуды ұсынды.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив