KZ
Өскемен
-4°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да еңбек жасағы 1200 жасты жұмыспен қамтыған

6.12.2022, 12:09 526 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының 18- маусымының жабылу салтанаты өтті.

Жазғы демалысында тер төгіп, тынымсыз еңбек еткен жастардың жұмысы еленіп, аудандар арасындағы үздік штаб анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2005 жылы елбасының жолдауынан бастау алған «Жасыл ел» еңбек жасағы бүгінде табысты еңбек етіп келеді. Еліміздің әр өңірінде жас буынды жұмысқа тартып, қала, аудан мен ауылдардың көркейуіне ат салуда.

«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары біздің өңірде де тер төгуде. Биыл осы жоба аясында облыс бойынша 16 мен 29 арасындағы 1200 жас жұмысқа тартылып, қала мен аудандардың абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын атқарды. Жыл аяқталуға жақындап, мәресіне жеткен маусым қаһармандарын марапаттау облыс орталығында өтті. 18-маусымда облыс бойынша 11 номинацияға лайық үздіктер анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталған.

- Облыс көлемінде маусымның ашылу салтанатын өткізген едік. Енді жабылуына да жеттік. Биылғы жыл табысты болды деп айта аламын. Себебі, алдыға қойылған жоспарлардың барлығы орындалды. Осы маусымда табандылық көрсетіп көзге түскен үздіктерді марапаттап, бағалы сыйлықтарды тарту етпекпіз. Үздік сарбаз, үздік штаб, үздік командир сияқты жалпы саны 11 номинация дайындап қойдық. Барлығын әділ істедік. Ешкімнің реніші болмайды деген ойдамын,- деді «Жасыл ел» еңбек жасақтарының ШҚО филиалы директоры Мақсат Кәрімбаев.

Облыс бойынша үздік штаб номинациясын Жарма ауданы иеленді. Бұл аудан «Жасыл ел» еңбек жасақтарының 18- маусымында жалпы саны 90 жасты жұмыспен қамтыған. Оның ішінде көп балалы отбасыдан-28, аз қамтылған отбасылардан- 31, толық емес отбасыдан - 13 және Neet санатты жастардан 2 адам бар.

- Жасыл елдің жабылу салтанатына арнайы Жарма ауданынан келдім. Біздің жұмысты елеп-ескеріп, марапатсыз қалдырмағанына ризамын. Биыл жылды жақсы нәтижемен қорытындыладық. Келер жылы өз ауданымызда 100 жасты жұмысқа тартсақ па деген жоспар бар,- дейді Жарма ауданы жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы  Айгерім Бауыржанқызы.

Ынтымақ Толқын

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив