KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Алдағы күндері қар көшкіні қаупі сақталады - ШҚО

31.01.2023, 12:23 240 Ләззат Қанатқызы

31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі сақталады.

ШҚО ТЖД мамандары бұл күндері таулы аймаққа барудан бас тарту керектігін ескертеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қолайсыз ауа райы, қалың қар мен жел екпінінің күшеюіне байланысты қаулы аймақтарда көшкін қаупі сақталады. Қауіпті ошақтар көлік жолына қауіпті болып саналады. Сондықтан оның жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамай, тез шығып кетуге тырысыңыз, - дейді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы.

Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз бірден 112 нөміріне  хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив