KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Демалыс күндері тағы 2 градус үсік жүреді - Өскемен

16.09.2022, 15:13 242

«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Елдің солтүстігі, орталығы мен шығысы әлі де солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, сондықтан мұнда ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болмақ.

-        Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. 17 қыркүйекте түнде облысының солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік сақталады. Өскемен қаласы бойынша түнде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады, - дейді синоптиктер.

Күндізгі температураға келетін болсақ, термометр бағаналары республика бойынша біртіндеп 20-30 градусқа дейін ,ал республиканың орталығында және шығысында 15-25 градусқа дейін жоғарылауы болжанады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив