KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Марқакөлге жыл құстары оралды

27.03.2023, 20:53 349 Оразай Жеңісұлы

Марқакөл қорығына жыл құстары оралып жатыр. Жүзетін құстар ашық айдынға қонып, қараторғай ағашқа ұя сала бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Иә, Марқакөлде әлі де қыс. Қорық ғалымдары көктемнің иісі де сезілмейді деп отыр. Себебі наурыз айында ауа температурасы бірде-бір рет нөлден жоғары болмаған, минус 15-20 аралығында қалыпты. Алайда бұл қанаттыларды тоқтата алмаған көрінеді.

– Айдынға құстар келіп қона бастады. Ақпан айының соңында Қалжырдың жоғарғы сағасында бірнеше көкала үйрек көзге түскен. Жақында ғана бүкіл Ұранхай ауылына қараторғайдың әні естілді. Туған өлкеге оралған құстар бірден ұя салуға кірісті, – дейді Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының мамандары.      

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив