KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

ШҚО-да тағы қар мен жаңбыр жаууы мүмкін

2.05.2023, 17:14 352 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 3 мамыр күні түнде облыстың басым бөлігінде жауын-шашын болуы мүмкін.

Тұрғындар өте мұқият болуы керек. Көлік жүргізушілері тиісті қашықтықты сақтап, жылдамдықты асырмауға тиіс, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Басым бөлігінде қар түрінде жауын-шашын болады, дейді синоптиктер.

ШҚО ТЖД тұрғындарға қатты жел кезінде билбордтардың, аялдамалардың, ағаш пен электр желілерінің және металл қоршаулардың артына тығылмау керектігін ескертеді.

  "Автокөлікті де ағаштардың немесе қауіпті электр сымдарының астына қоймаңыз. Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасыарқылы біле аласыздар", дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде бірден "112" арнасына хабарлаңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив