Өскемен
-15°
туман ветер 2 м/с, В
468.98 493.74 7.59

Күн суытып, жаңбыр жауады - ШҚО

17.08.2022, 14:32 18 0 Ләззат Қанатқызы

“Қазгидромет” мамандары алдағы күндерге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 18-20 тамызда еліміздің батыс, солтүстік, шығыс өңірлеріне атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр жауу күтіледі.

19-20 тамызда облыстың шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Ал республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның солтүстік жартысында 2°С үсік күтіледі.

-        Ауа температурасы батыста түнде +18+26-дан +12+23°С-қа дейін, күндіз +30+38-ден +27+35°С-қа дейін, оңтүстікте түнде +13+20-дан 10+17°С-қа дейін, күндіз +28+33-тен +22+28 °С дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыста +12+18-тан 8+15 °С-қа дейін, күндіз +25+30-тан +18+23°С дейін төмендеуі күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, республиканың орталығында ауа температурасы түнде +2+10°С, күндіз +13 + 18, оңтүстігінде + 23°С болады деп болжанды, - дейді синоптиктер.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив