Қозы Көрпеш-Баян Сұлу кесенесін кім салған?

Қозы Көрпеш жігіт пен сұлу Баянның бейнесі қазақ халқымен он бес ғасыр бойы ажырамай келеді. Олардың биік сезімі əлі күнге дейін бөлінбей, адамзаттың мəңгі жырлар тақырыбы болған махаббаттың символына айналды. Қос ғашықтың жалындаған, қайғылы махаббаты ақындар-жазушыларды сан ғасырлар бойы шабытқа жетелеп келеді.
Аңыздар не дейді?
Қос ғашықтың күмбезі Аягөз өзенінің оң жақ жағалауында, Таңсық станциясынан 5 шақырым жерде орналасқан. Қозы Көрпеш – Баян Сұлу аңызы бойынша, оны тұрғызуға Сарыбайдың інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан Аягөзге 4 сан қол (40 мың кісі) жіберіп, асбергізіп, ат шаптырып, той жасайды. Қозы Көрпеш – Баян Сұлудың күмбезін берік етіп тұрғызып, екеуінің кескін – келбетін тасқа түсіреді. Əсіресе Баян сұлудың өң-ажарын əдемілеп келтіреді (Радлов варианты). Жанақ ақынның жырлауынша 50 мың кісіні бастап келген – Айбас. Олар үшін көш жерден (90 шақырым) тас тасып, Аягөздің биік белесіне күмбез орнатады. Ол күмбез əлі тозған жоқ, оларды ұмыттырмай, артында белгі болып келеді. Халық аңызы бойынша Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күмбезіне қалаған тасты басқа бір таудан əкелген. Тау мен Аягөз өзенінің екі арасына көптеген тайпалардың мыңдаған кісілері атпен тізбектеліп шеп құрып, тасты бір қолдан, бір қолға беріп, жеткізіп тұрған деседі. Бірде Құсмілия Нұрқасымның Үржарлық Балташ Тұрысханов жайындағы естеліктер жинақталған "Ұмытпаңдар мені" атты кітабы қолыма түсті. Парақтап отырып, назарымды аударған қызықты мəліметке тап болдым. Кітаптың ішінде Тұрарбек Қалимжановтың "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазарын кім салған?" деген мақаласы бар екен. Сол мақаладағы деректерге сүйенсек, 70-жылдары "Таңсық" совхозының 50 жасқа таяп қалған бір тұрғыны мазарды салған Болат деген елден Сарыұста деген кісі деп айтып жүрген екен.
Сарыұста деген кім?
Бұл шебер туралы Қытайдың Шыңжаң өлкесінде шығатын "Мұра" журналында басылған екен. Сарыұста Шекенұлы 1500-1600 жылдары өмір сүріпті. Ол кезде қазақ хандығының əбден қалыптасқан кезі. Осы кездерде, əсіресе, сəулет өнері өркендеген. Жаңадан қалалар салынып, ескі қалалар көркейе түскен. Шетелдермен байланыс күшейіп, сауда дамыған. Мазаралар мен кесенелер осы тұста көптеп тұрғызылыпты. Соның бірі - Қозы КөрпешБаян Сұлу мазары. Бұл мазардың Сарыұста заманында салынғанын Қазақстан археологтары да дəлелдеген. П. Агапов пен М. Қадырбаев "Сокровище древнего Казахстана" деген кітап-альбомында мазардың салынған уақытын жазыпты. Ал, ел арасында Сарыұста туралы мынандай аңыз қалған. Сарыұстаның шын аты - Бердібек екен. Арғы аталарының бəрі – Алтын Орда ханы Бердібекке қызмет етіпті. Сондықтан ханның атын берген. Жас кезінен ағаш шеберлігі, үй қалау, қылыш, айбалта, сауыт-сайман соғу ісін меңгерген. Жетісуда, Сарыарқада мазарлар салуға қатысады.
Түркі тілдес халықтардың ежелден əдеті бойынша əр мемлекет өз шекараларын белгілеу үшін немесе сол елдің жері екенін дəлелдеу үшін тастан белгілер қойған. Атақты адамдарын шекараға қойып, обалар, мазарлар тұрғызған. Сол ескі салтпен қазақ хандары да өз белгілерін тұрғыза бастаған. Соның бірі - 1500-1600 жылдары салынған Қозы көрпеш – Баян Сұлу мазары. Бұл мазар көне сауда Жібек жолының бір тармағы оңтүстіктен солтүстікке баратын жол жағалауына
салынған. Бұл жолдармен үздіксіз саудагерлер де, əскери жасақтар да, жай жолаушылар да, көшіпқонған көштер де жүрген. Осы жерге Қозы мен Баянның мазарын салуды хан Сарыұстаға жүктеген дейді. Мазар салуға сауын айтып, көп халық жинайды. Көп күш-көлік, арба-сайман бөлінеді. Алғашқы жоба бойынша мазарды қазіргі тұрысынан басқаша, əлдеқайда үлкен етіп салмақшы болады. Мазарға тасты Арғанаты Мазарды сақтау мақсатымен 1950 жылы "Таңсық" совхозының басшылары сыртынан тас жəне цементпен қаптап тастайды. Ал, мазар бұрынғы бейнесін өзгертіп, басы үшкілденіп кетеді. Биіктігі бұрын 12 метр болса, қазір 14 метр. Мазарға кеткен тастар түгелдей жұмсалмай қалған екен. Қазір сол маңдағы жер теп-тегіс, жазық. Бетін 15-20 см ашса, астынан төртбұрышты, құрылысқа дайын тастар шығады екен. Тастар жер астында 3 метр қалыңдыққа дейін барады. Жергілікті халық бұл жерді "Тасқала" дейді. Ел кезінде осы тастарды өздерінің пайдасына да жаратыпты.
Мүсіндер қайда жоғалып кетті?
Мазарға Арғанатыдан тасылған тастар су астында қалып қойған кезде Сарыұста Қозы мен Баянның мүсінін салуға кірісіпті. Ол үшін керекті қызғылт мəрмəр тасты Тарбағатайдың Ақшəулі шыңының етегіне жақын жерден тапқан. Осы маңайға адамдарын жинап үй салып, өзі көшіп келеді. Ұсталық дүкен ашып, шеберлер құрал-саймандар, күнделікті тұрмысқа қажет заттарды жасаған. Бұлардың мұнда қанша жыл отырғандары белгісіз. Бірақ бірнеше жыл ішінде үш адамның кісі бойынан биік мүсіндерін даярлайды: бірі - Қозы, екіншісі - Баян, үшіншісі - оның жолдас қызы Айқыз. Оларды сүйретпемен Аягөз өзенінің бойына тасиды. Сарыұстамен бірге болған адамдар өздерін "қырық үй қарамыз" деп атаған. Олардың арасында сұлтан мен төрелер болмаған. Қазіргі кезде Үржар аймағында "еліміз - қырық үй қара" деген шағын топ бар. Олар өздерін Болатшымыз, Сарыұстамыз, аталарымыз шебер, ұста болған дейді екен. Мазар жанындағы тастар кейін жоғалып кеткен екен. Ал мазарға жақын орналасқан Тарлаулы ауылының тұрғындары бұл туралы былай дейді. Соғыс жылдарында ауылда қалған адамдар мүсіндерді судың көмейіне салып, егістікке өзеннен су шығарған екен. Бұл нан үшін істелген. Сол тас мүсіндер өзеннің тасы мен құмының астында жатыр деседі. Іздеген адам табар. Бірақ оны кім іздеп жатыр екен?