Өскемен
+9°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

Аргентинада Абай көшесі мен Қазақстан алаңы ашылды

26.12.2021, 10:59 131 0 Оразай Жеңісұлы

Аргентинаның Росарио қаласында Абай Құнанбайұлы көшесі мен Қазақстан аталатын алаң пайда болды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қазақстанның Бразилиядағы елшісі және Аргентинада қоса атқарушы Болат Нүсіпов қазақ ақыны, ойшылы және ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы атындағы көшенің, сонымен қатар Аргентинаның Росарио қаласындағы «Қазақстан Республикасы» алаңының ресми ашылу рәсіміне қатысты.

Қазақстанның Росариодағы құрметті консулы Густаво Гутиерес Қазақстан халқының Абай тұлғасына беретін зор маңызын және Абайдың дүниежүзі мәдениеті үшін Шекспир, Гете, Пушкин немесе Мольер сияқты құндылығы бар екенін айтты. Осыған байланысты Густаво Гутиерес Абай көшесінің ашылуы аргентиналықтарға қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлерімен танысуға қосымша мүмкіндік беретінін атап өтті.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив