Өскемен
+10°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

ШҚО-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

15.12.2021, 11:07 115 0 Оразай Жеңісұлы

Той қарсаңындағы жиында Тәуелсіздік жылдарында еліміздің дамуына үлес қосқан қала және қоғам белсенділері марапатталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айталық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Владимир Ли және «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Жанна Жибраева ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальге ие болды. Сондай-ақ бірақатар азаматқа Шығыс Қазақстан облысы мен Семей қаласы әкімінің грамоталары табыс етілді.

– Жерлестерімді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік жылдары тарих барысына әсер еткен көптеген реформалар қабылданды. Шығыс Қазақстанда осы уақыт ішінде көптеген іс-шаралар өткізілді, біздің облыс өмірдің түрлі салаларында, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, өндіріс және т.б. көптеген жетістіктерге жетті. Өңірдің экономикалық дамуын да атап өтуге болмайды. Облыста сондай-ақ тұрғын үйлер салынуда, ШҚО тұрғындарының саны артты. Өскемен және Семей қалаларының әуежайлары қайта жаңғыртудан өтті. Осы және басқа да жетістіктердің барлығы мемлекеттің тиімді жүргізіліп жатқан реформаларының дәлелі, – деп құттықтау лебізін білдірді жиынға қатысқан ШҚО әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділов.

– Біз бұл мерекені ерекше мақтаныш сезімімен атап өтеміз. Елбасы жүргізіп отырған реформалар мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сабақтастық саясатының арқасында еліміз қол жеткізген жетістік көп. Бұл тұлғалардың арқасында Қазақстан халқының сан ғасырлық арманы орындалды – қуатты және тәуелсіз мемлекет құрылды, – деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив