Алтайда Тәуелсіздік күні қарсаңында ерекше акция өтті

Алтай қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында «Менің Тәуелсіздік рәміздерім» атты акциясы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Акцияға белсене атсалысқан тұрғындар балконды көк байрақпен безендіріп, қаланың көркін енгізді.
– Бұл акцияны ұйымдастыру арқылы тұрғындардың мемлекеттік рәміздерге, Тәуелсіздіктің символына қаншалықты құрметпен қарайтынын байқап көрген едік, – дейді аудан әкімдігінің өкілдері.
Жоғарыда айтқанымыздай, көпшілік іс-шараға ынта-шынтасымен кіріскен екен. Олардың Отанға деген сүйіспеншілігін суреттер айтып тұр.
Сонымен қатар оқыңыз