Риддерде Тәуелсіздік құрдастары челлендж ұйымдастырды

Риддерде "Тәуелсіздіктің 30 құрдасы оқиды" атты челлендж ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу және Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылындағы іс-шаралар циклі аясында қалалық №1 кітапхана бөлімшесінің қызметкерлері "Тәуелсіздіктің 30 құрдасы оқиды" челленджін бастады. Оған ел Тәуелсіздігімен құрдас кітапханашылар қатысады.
Айта кетсек, бұл челлендж ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана республикалық деңгейде іске қосқан болатын. Ол біздің әдебиетіміздің қазынасын насихаттауға, жастарға рухани-патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
Сонымен қатар оқыңыз