KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Тәуелсіздік-30: ШҚО-да зағиптарға арналған кітапханада арт-галерея ашылды

21.05.2021, 12:01 151

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрмеде ақын, өлкетанушы, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Алдияр Әубәкіровтың ел тарихынан терең сыр шертетін туындылары ұсынылды.
"Музы не молчат" атты арт-галереясының мақсаты – туған өлкенің табиғаты мен тарихын және облыс суретшілерінің шығармаларымен таныстыру.
Экспозицияда Алдияр Әубәкіровтің бірегей жеке коллекциясындағы туындылар ұсынылды.

- Жерлес суретшілеріміз Н.Аштема, Г.Макарова, Қ.Қадырбеков, Б.Исиналардың әр түрлі техникада салынған картиналарына үлкен құрметпен қараймын. Әрбір картина туған өлке туралы жылы және әсерлі естеліктер қалдырады. Патриот болу – отанмен бірге болу! - дейді суретші. 

Алдияр Ақылбекұлы кенеп бетіне түсірілген суреттерді туған жермен байланыстыра әңгімелеп берді.

- Бүгін біздің кітапханада ерекше оқиға. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында "Музы не молчат" арт-галереясын аштық. Бұл – біздің кітапхана оқырмандары үшін үлкен оқиға, - деді кітапхана директоры Гүлнар Қадырова. - Енді мұнда келушілер үшін отандық қылқалам шеберлерінің жұмыстарын қолмен ұстап, көзбен көруіне таптырмас мүмкіндік туып отыр. 

Айта кетейік, арт-галереяның жұмысы мамыр айының соңына дейін жалғасады.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив