KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Әскери қызметтегі нәзік жандылар

8.03.2023, 10:01 3 099 ALTAINEWS

Өскемен қаласының Жаңа Согра кентіндегі 6699 әскери бөлімінде арнайы дайдықтан өткен тәжірибиелі, тәртіппен жауапкершілік жүгін ерлермен қатар көтере білетін 30-ға жуық қыз - келіншектер еңбек етуде. Өзіне артылған міндетті әрқашан тындырымды атқаратын әскери бөлім штабының аға маманы (жауапты орындаушысы) сержант Бақтыбаева Мадина Дәулетқанқызының еңбегіне тек әскери бөлімнің қызметшілері ғана емес, қала тұрғындары да дән риза.

Мадина Дәулетқанқызы ШҚО Самар ауданының Самар ауылында дүниеге келіпті. Ата-анасының тұңғыш перзенті. Кейіпкеріміз Палатцы орта білім беретін мектепті аяқтаған соң 1997 жылы Өскемен қаласындағы Медициналық колледждің жалпы тәжірибелік медбике мамандығын үздік бағалырмен тәмәдаған. Өмір жолдасы Оралбек Сеидқазыұлымен 2021 жылы отау құрып, өмірге 3 перзент қыз әкеліп, оларды өздеріндей өнегелі, үлгілі болуға баулыған. 1-ші қызы Жұлдыз - 8 сынып оқушысы, ән айту мен өлең жазуды ұнатады. Талай облыстық ақындар жарысының жүлдегері мен жеңімпаздары атанған. 2-ші қызы Айым -  қаламыздағы би шараларына белсене қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген биші.  3-ші қызы балабақшада. Мадина мен Оралбек әскери бөлімде бірге қызмет еткен. Жұбайы білікті әскери қызметкері болған, жас сарбаздарға Отан қорғаудың қыр-сырын терең меңгертіп, шымыр да мығым болып жетілуіне өзінің салмақты үлесін қосқан.

Кейіпкеріміздің нағашы атасы - ҰОС ардагері Кеңес одағының батыры.   Сол кісінің тәрбиесінде болғандықтан жас кезінен әскери қызметші болуды, әскери форма киіп жүруді армандаған. Сол арманына жету үшін 2001 жылы ақпан айынан бастап қаламыздағы 5518 әскери бөлімінен әскери қызмет жолын бастаған. Алғашқы лауазымы - атқыштар батальоны 4 атқыштар ротасында бақылау өткізу пунктінің сақшысы.

2013 жылы 6699 әскери бөлімі құрылғаннан кейін Мадинаның жауаптылық қабілетін жете бағалаған әскери бөлім басшылығы тыл қызметінің маманы (іс жүргізушісі) лауазымына тағайындайды. 2017-2020 жылдары бөлініс бастығы (асхана бастығы) қызметін атқарған. Одан кейін осы уақытқа дейін әскери бөлім штабының аға маманы (жауапты орындаушысы) лауазымында еңбек етіп, саптық бөлімнің құжаттамаларын жетік меңгереді.

Тек қана өзінің саласында ғана емес әскери бөлім өміріне, өткізіліп жүрген шараларына әрқашан белсене қатысып келеді. Мадина әскери бөлім қабырғасында ғана емес азаматтық өмірінде белсенділік танытады. Қызметтен бос уақытында отбасымен бірге таза ауады серуендеп, спортпен шұғылданғанды ұнатады. «Адамдар сенен көмек сұраса, қол үшін беруден бас тартпа» деген қағиданы ұстанады.

Мадина Дәулетқанқызы әскери қызмет атқару кезінде әскери бөлімнің басшылығынан, Өңірлік қолбасшылықтан және Бас қолбасшылықтан талай алғыс хаттар мен мақтау қағаздарын алып, медальдармен марапатталған.    

Ерекше ыждағаттықпен еңбек етіп, әскери бөлімнің тұрақтылығына өз үлесін қосып жүрген патриот ханым Мадина Дәулетқанқызын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив