Өскемен
-23°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

Тарбағатайда жоғалған 25 бас жылқы Зайсаннан табылды

4.10.2022, 17:33 8 0 Ләззат Қанатқызы

16 қыркүйек күні Тарбағатай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғынынан арыз түсті. Оның айтуынша, еркін жайылымнан 36 бас жылқысы жоғалған.

Арыз түсе салысымен ШҚО ПД қызметкерлерінің басқаруымен дереу тергеу-жедел тобы құрылды.

-  Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 22 қыркүйек күні  Зайсан ауданының аумағынан ұрланған малдың бір бөлігі табылды. Қазіргі уақытта жәбірленушіге 25 бас мал қайтарылды, сондай-ақ Тарбағатай ауданының басқа тұрғындарынан ұрланған мал табылып, барлығы 47 бас мал тәркіленді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ұрланған малды анықтау мақсатында фото-кестелер мен бейне-материалдар дайындалған, оларды айрықша белгілері бойынша тануға болады. Аталған материалдар әлеуметтік желілерде орналастырылған.
- Жақын маңдағы аудан тұрғындарына малды анықтауға көмектесулерін сұраймыз,егер сізде қандай да бір ақпарат болса полицияға хабарласыңыз, - дейді ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив