KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Семейде алаяқ әйел адамдарды диплом алып беремін деп алдаған

4.08.2019, 13:23 233

Семей қаласында магистратураның дипломын сатып алып беруге уәде етіп, жарты миллион теңге алған алаяқ әйел құрықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алаяқтық фактісі туралы полицияға 27 шілдеде Тарабағатай ауданының тұрғыны хабар беріпті.

Жәбірленушінің айтуынша, 2017 жылдың тамыз айында бір әйел оның сеніміне кіріп, магистратураның дипломын сатып алып беруге уәде еткен. Екееуі аса жақсы таныс болмаса, оның сөзіне сеніп, жарты миллион теңге ақшаны алаяқтың ұстатқан екен.

Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқ әйелді тез арада анықтап, құрықтады. Ол - 36 жастағы бұрын сотты болған қала тұрғыны екен.

Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив