Өскемен
+8°
облачно с прояснениями ветер 1 м/с, С
474.47 503.51 4.88

Семейлік тұрғыннан бір келі марихуана тәркіленді

25.05.2022, 15:32 181 0 Ләззат Қанатқызы

Сәуір айының басында Семей қалалық ПБ Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 45 жастағы қала тұрғынымен есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысу фактісін анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Санкцияланған тінту жүргізу барысында күдіктінің тұрғылықты жері бойынша мата түйіншегі мен ішінде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар 15 полимерлі түйіншегі бар полиэтилен пакет табылып, алынды.
Сараптама қортындысы бойынша, тәркіленген заттар жалпы салмағы 1 кг «кептірілген марихуана» екені анықталды.
- Ер адам аталған өсімдікті одан әрі сату мақсатында өзен жағасынан жинап алған. Күдікті есірткіні ұзақ уақыт бойы сатумен айналысқаны белгілі болды. Ол өзінің заңсыз кәсібін белшесінен батқан қарыздарын жабу үшін барғанын айтты, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 297-бабының 3-бөлігі – «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

181
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив