Өскемен
-19°
пасмурно ветер 1,3 м/с, В
472.17 495.5 7.57

Самар ауданының тұрғынынан марихуана тәркіленді

29.09.2022, 10:48 7 0 Ләззат Қанатқызы

Самар ауданы тұрғынынан 100 грамнан астам марихуана табылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Самар ауданының полиция қызметкерлері есірткі сақтаған деген күдікпен 39 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

-        Ұсталғаннан кейін оның үйі мен аулалық құрылыстарына жедел тінту жүргізілді. Онда қара түсті қоймалжың жағындысы бар жоғарғы бөлігі кесілген бөтелке, өсімдік тектес заты бар полиэтиленді пакет және жасыл өсімдік заты бар маталы түйіншек табылған және алынған. Сондай-ақ, диванның астынан қоңыр түсті қоймалжың жағындысы бар шөлмектің жоғарғы бөлігі табылған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жүргізілген сараптама қаскөйден алынған заттар жалпы салмағы 103,18 грамм кептірілген марихуана есірткі құралы болып табылатынын көрсеткен. Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив