KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Өскемен тұрғыны жүргізуші құқығынан айырыла тұра, мас күйде көлік басқарған

29.04.2022, 18:15 186

Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығы көшелерін патрульдеу барысында Мостовая көшесінде 28 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен «BMW» автокөлігін тоқтатты. Куәландыру нәтижелері бойынша ер адам автокөлікті «орташа дәрежедегі» алкоголь тұтынған күйде басқарғаны анықталды.

Сондай-ақ, тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан 2021 жылы 7 жыл мерзімге айырылғандығы белгілі болды.

Көлік құралы айыппұл тұрағына қамалды, көлік жүргізушісі қамауға алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі – «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив