Өскемен
пасмурно ветер 1 м/с, В
457.29 490.35 5.97

Жүргізуші құқығынан айырылып, мас күйде көлік басқарған тұрғын ұсталды - Өскемен

28.04.2022, 15:33 31 0 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында жүргізуші құқығынан айырылағанына қарамастан мас күйде көлік басқарған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Наурыз айының соңында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мостовая көшесінде 28 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен «BMW» автокөлігін тоқтатты. Куәландыру нәтижелері бойынша ер адам автокөлікті «орташа дәрежедегі» алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. 

Сондай-ақ, тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан 2021 жылы 7 жыл мерзімге айырылғандығы белгілі болды.

Көлік құралы айыппұл тұрағына қамалып, көлік жүргізушісі қамауға алынды.

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 346-бабы 1-бөлігі – «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив