KZ
Өскемен
+19°
небольшой дождь жел 2 м/с, ОБ
448.89 477.93 4.76

Ағылшын тілі кабинетінен бір жәшік марихуанна табылды

31.03.2022, 11:19 145

Семей қаласы Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының білім беру орталықтарының бірін тінтіп, Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады.

Осылайша, есірткімен күрес қызметкерлері ағылшын тілі кабинетіндегі үстелден өсімдік тектес жасыл түсті заты бар полиэтиленді түйіншекке оралған картон қорабын тауып, тәркілеген. 

Сараптама қортындысы тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» есірткі заты екенін көрсетті.

-  Жалпы салмағы 11 500,00 грамнан асады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 297-бабының 3-бөлігі – «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баппен күдікті 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив