KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 3,1 м/с, В
448.15 483.46 4.86

Өскемендік тұрғынның 20 миллион теңгесін иемденіп алған алаяқ ұсталды

23.09.2022, 11:06 152

Өскемен қаласының тұрғынын  20 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқты облыс орталығының полицейлері қолға түсірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жақында Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қаладағы ЖШС директорының бірі жүгінген. Арызданушының айтуынша, жыл басында бейтаныс ер адам спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу-сатумен айналысатынын айтып алаяқтық жолмен 20 миллион теңгені иемденген.

-        Зардап шегуші оған ақшаны Спорт сарайы маңында тапсырғанын айтты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Өскеменнің 25 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Күдікті өз кінәсін мойындады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив