KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Марихуана шеккен жігіт Сергекке түсіп қалған – Өскемен

21.09.2022, 14:58 110

Өскемендегі аулалардың бірінде марихуана шеккен жігіт Сергек камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс орталығында полиция қызметкерлері есірткіні пайдаланған және сақтады деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын ұстады. Құқық бұзушы Сергек АБК камераларының біріне түсіп қалған.
- Бейнебақылау камерасы заңсыз әрекетті тіркегеннен кейін бірнеше минут өткен соң оқиға орнына тәртіп сақшылары келген. Полицейлерді көре салысымен жас жігіт тыйым салынған затты тастауға асыққанымен, кеш қалған. Сараптама көрсеткендей, ұстау кезінде қала тұрғыны каннабиноидтарды қолданудан туындаған есірткіге масаң күйде болды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Полицейлер жас құқық бұзушыдан фольгасы бар пластикалық бөтелке мен спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты салынған бір қағаз ораманы тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 1,51 грамм кептірілген марихуана болып табылады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив