KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

" Мені өлтірші деп өзі өтінді" Өскеменде БОМЖ 9 жылға сотталды

18.02.2019, 11:52 140

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 32 жастағы үйсіз-күйсіз адамды 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Алтайньюс.


Сотталушы қазан айында өзінің 41 жастағы «шөлмектес» жолдасын жіппен буындырып өлтірген. Оның айтуынша, «мені өлтірші» деп жолдасының өзі өтініш білдіріпті.


Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, өзін-өзі қорғау немесе күш көрсету белгілері анықталмаған.


Алайда, сот айыпталушының сөзін дәлелсіз деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.


– Айыпталушының кінәсін мойындағанын және жасаған қылмысын өкінетінін, сондай-ақ мас күйінде қылмыс жасағанын ескере отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив