Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, В
444.85 477.19 5.42

ШҚО-да заңсыз құс аулаған Алматы облысының тұрғындары ұсталды

18.01.2019, 11:56 66 0


Заңсыз құс аулаған аңшылар Үржар ауданында құрықталып отыр. Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері Үржар ауданындағы Шолпан аулының маңынан «Mercedes-Benz» автокөлігімен Алматы облысының 53 және 34 жастағы екі тұрғыны ұстады. Олардың заңсыз құс аулағаны анықталып отыр.


-Құрықталған екі ер адам шіл, қырғауыл, құр құстарының 22-сін атып үлгерген. Келтірілген залал мөлшері 300 мыңнан астам теңгені құрайды, - дейді баспасөз қызметі.


Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізлуде.

66
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив