KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1 м/с, В
447.4 477.55 4.76

Шығысқазақстандық азамат 360 келіден астам шаянды заңсыз тасымалдаған

31.10.2022, 15:29 228 Ләззат Қанатқызы

Күршім ауданының тұрғыны 6320 дана тірі шаянды тиісті құжаттарсыз тасымалдаған.
«Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Құйған ауылдық округіне қарасты «Қызыл ту» өткелінде жүргізілген тексеру кезінде  Күршім ауданының ЖПҚБ ППТ қызметкерлері 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан, оның рұқсат құжаттарынсыз шаяндарды тасымалдағаны анықталған.
Көлікте салмағы 364 кг-дан асатын 6320-ға жуық тірі шаян бар екені анықталған.
Күршім ауданының инспекциясы залал сомасы шамамен 2 014 000 теңгені құрайтынын хабарлады.

- Сотқа дейінгі тергеу барысында көлік жүргізушісі шаяндарды келісім жасалған кезде бетперде киген, бұрын танымайтын бес ер адамнан сатып алғанын айтқан. Кейін тауарды күйеу баласының газеліне тиеп, Өскеменге бет алған, жолда оны тәртіп сақшылары ұстаған. Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.

Естеріңізге сала кетейік, «Браконьер» ЖПІШ 19 қарашаға дейін жалғасатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив