KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО полицейлері 2000-нан астам құқық бұзушылықты анықтаған

14.11.2022, 16:53 308 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 9-11 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық ЖПІШ өтті.

Жедел профилактикалық іс-шара өткізу барысында Полиция департаментінің барлық жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Үш күннің ішінде тәртіп сақшылары 65 қылмысты, сондай-ақ бұрын жасалған 19 қылмысты ашып, іздестіруде жүрген 7 қылмыскерді ұстаған.

- 72 сағат ішінде полицейлер екі мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 360 ұсақ бұзақылық фактісі, 518 ішімдік ішу және қоғамдық орындарға масаң күйде келу фактісі, 492 адам тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, 2 мыңнан астам есептегі тұлғалар тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 8 бірлік қаруды тәркіледі, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін 26 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі азаматтардың көлік құралын басқаруының 5 фактісі анықталды. Олардың бірі Көкжыра ауылының маңында болған. Жергілікті полиция қызметкерлері 35 жергілікті тұрғынның басқаруындағы  ВАЗ маркалы автокөлікті тоқтатқанда  жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрған. Қызметкерлер ер адамның 2020 жылы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтаған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив