KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
445.66 474.58 4.78

ШҚО-да шекарадан оқ-дәрілерді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

16.11.2022, 10:30 235 Ләззат Қанатқызы

Шекара бекетінде оқ-дәрілерді заңсыз алып өтуге әрекеттенгендердің жолы кесілген.

Шемонаиха ауданы ПБ кезекші бөліміне "Убе-Авто" БП кезекшісінен хабарлама келіп түсті. Кезекші облыс орталығының 35 жастағы тұрғынынан шекаралық бақылаудан өту кезінде "Nissan" автокөлігінің қалтасынан 2 патрон табылғанын және тәркіленгенін, олар сараптама қорытындысына сәйкес оқ атуға жарамды 5,6 мм калибрлі шолақ мылтыққа арналған патрондар болып табылғанын хабарлаған.

- Тәртіп сақшылары күдіктіні полици бөліміне жеткізіп, жауап алу кезінде дәрілерді шілде айының соңында Катонқарағай ауылының тауларынан тауып алғанын анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив