Өскемен
-26°
плотный туман ветер 1 м/с, З
460.43 501.04 6.65

Өскемендік студенттің автокөлігін ауладан ұрлап әкеткен

18.11.2022, 12:10 142 0 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қалалық  Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 19 жасар студент жүгінген. Оның айуынша, құны 1 000 000 теңгеге жуық "ВАЗ" автокөлігін белгісіз біреу ұрлап айдап әкеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтаған. Облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны ұрлық жасады деген күдікпен тұрғылықты жері бойынша ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Көлік тәркіленді, ұсталған адам өз кінәсін мойындаған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Егер күдікті кінәсін мойындаған жағдайда, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив