Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, СЗ
444.85 477.19 5.42

Есірткі сатумен айналысқан әйел адам ұсталды - Семей

24.01.2022, 09:23 188 0 Ләззат Қанатқызы

Семей қаласында марихуана сатумен айналысқан 26 жастағы әйел қолға түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өткен жылдың 24 желтоқсанында полиция қызметкерлері заңсыз есірткі тарату фактісін анықтап, 26 жастағы тұрғынды қолға түсірген. Ол жалпы салмағы 14,33 грамм "кептірілген марихуананы" 25 жастағы қала тұрғынына 9000 теңгеге сатқан. 
- Ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізу барысында ванна бөлмесіндегі шкафтан жасыл түсті өсімдік заты бар бір қағаз түйіншек табылды, сондай-ақ шкафтың астында жасыл, өсімдік тектес заты бар бір пластикалық пакет тәркіленді, - дейді Семей қ.ПБ бастығы полиция полковнигі Шалқар Құнанбаев.
Сарапшы мамандардың қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы — 33,17 грамм "кептірілген марихуана" есірткі құралы екені анықталған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 
 

188
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив