KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-да есірткі жасырған тұрғын ұсталды

3.12.2022, 16:00 370 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да бөтелкелер мен газет орамаларында марихуана сақтаған тұрғын ұсталды.

"Рефлекс" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Самар ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері есірткі затын сақтады деген күдікпен 57 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жедел тінту кезінде полицейлер қоңыр түсті затпен екі бөтелкені, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат оралған полимерлі буманы және құрамы соған ұқсас зат оралғанқағаз бумасын тауып алып, тәркілеген.

- Сараптама көрсеткендей, ұсталған азаматтан алынған заттар салмағы 44,19 грамм кептірілген марихуана болып табылады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған қылмыс үшін 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізу не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив