KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да ұрланған 19 бас мал иелеріне қайтарылды

5.12.2022, 14:44 301 Ләззат Қанатқызы

ШҚО полицейлері 48 сағат ішінде құны 5 миллион теңгеден асатын малдарды тауып, иелеріне қайтарған.

Өңірде 28-30 қараша аралығында мал ұрлығын жасауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған "Мал ұрлығы" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өтті, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.

Екі күн ішінде криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған мал ұрлығының 10 фактісін ашқан, олардың бірі "ауыр" санатта. Сонымен қатар полицейлер сомасы бес миллион теңгеден астам 19 бас малды қайтарып берген.

- Тәртіп сақшылары аумақтық ветеринария қызметтерімен бірлесіп мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 400-ден астам машинаны тексерген. Тексеру шаруа қожалықтарында, мал мен ет өнімдерін өткізу орындарында жүргізілді. Нәтижесінде ветеринария саласында 35 құқық бұзушылық анықталған (ҚР ӘҚБтК 406-бабы), оның ішінде 22-сі тиісті құжаттарсыз мал немесе ет тасымалдағаны үшін, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.


48 сағат ішінде өткен жедел-профилактикалық шара барысында 80-нен астам қожайын мал баққаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив